Главная Случайная страница


Категории:

ДомЗдоровьеЗоологияИнформатикаИскусствоИскусствоКомпьютерыКулинарияМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОбразованиеПедагогикаПитомцыПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРазноеРелигияСоциологияСпортСтатистикаТранспортФизикаФилософияФинансыХимияХоббиЭкологияЭкономикаЭлектроника






тапсырма. «Плогиат деген не?» хабарлама дайындау

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Авторлық құқықдегеніміз не?

2. Автор деп кімді айтамыз?

3. Құқықтың қандай түрлерін авторлық құқық түрлеріне жатқызуға болады?

4. Дыбыс бейнежазу туындысы деп нені айтамыз?

5. Деректер базасы дегеніміз не?

6. Дыбыс бейне-жазу туындыларын дайындаушы деп кімді айтамыз?

7. Санаткерлік меншік деп қандай меншікті айтамыз?

8. Автордың немесе сабақтас құқықтар иесінің туындысы, орындаушылықты, фонограмманы, хабарды осы Заңмен белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез-келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы деп қандай құқықты айтамыз?

9. Айрықша емес құқық дегеніміз не?

10. Контрафактілік даналар туралы не білесіз?

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне әрі мағыналық, әрі тұлғалық жақтан байланысты болып, бірінші сыңары (жай сөйлемі) бағыныңқы, соңғы сыңары басыңқы сыңар болып келетін сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем деп атаймыз. Мәселен, Қоғам өмірінде түрлі өзгерістер болып жатқандықтан, біз де өз өнімдерімізді тұтынушылар талаптарына сай етіп өзгертіп отырамыз.

4-тапсырма. Берілген мәтіннен мағынасы жағынан үйлесетін екі жай сөйлемді алып сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.

Айрықша құқық – автордың немесе сабақтас құқықтар иесінің туындысы, орындаушылықты, фонограмманы хабарды осы Заңмен белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез-келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы.

Орындау – туындыны фонограмманы көрсету, рөлді, әнді, биді орындап, техникалық құралдардың көмегімен көрсету. Орындаушы – актер, әнші, музыкашы, биші немесе рөлді ойнайтын, ән салатын, оқитын, мәнерлеп оқитын, музыкалық аспапта ойнайтын немесе әдебиет пен өнер туындыларын қандай да бір басқа жолмен орындайтын өзге адам, сондай-ақ, спектакльді қоюшы-режиссер. Контрафактілік даналар – туындының немесе фонограмманың дайындалған немесе таратылған жағдайда авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын даналары. Айрықша емес құқық – авторлық құқық пен сабақтас құқықтар иесімен бірге бұған автордың тиісті рұқсатын алған басқа адамның осы Заңда белгіленген жағдайлардан басқа ретте туындыны пайдалана алатын құқығы.

(Ғаламтор материалдарынан)

5-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сабақтас құрмалас сөйлемдер құраңыз.

Авторлық құқық, санаткерлік меншік, өнер туындылары, кабельдік хабар тарату, автор, шығармашылық еңбек, туынды, жеке тұлға, бейнежазу туындысы, техникалық құрылғылар, деректер базасы, үнжазба, бейнежазба, жауапкершілік, заңды тұлға.

3-сабақ

Лексикалық тақырып: Патент

Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

1-тарсырма. Мәтінді оқып шығып, мазмұндап беріңіз.

«Патент» термині латынның «patents» ашылым деген сөзінен алынған. Патент екі түрлі мағынада жұмсалады. Бірінші, мемлекеттің жеке адамға (фирмаға) өнертапқыштықты ашқаны үшін беретін және оны белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат. Екіншіден, патент – салық төлеушілердің жекелеген топтары үшін жеңілдетілген салық режимін тағайындайтын құжат; белгіленген шарттарды сақтау мен төлемді енгізу (патенттік алым) кезінде, белгілі бір қолөнер кәсібі немесе тірлікпен (сауда, тауарды сатып алу және т.б.) айналысуға рұқсат беретін құжат.

Патенттік құқық (ағылш. Patent right;) патентті беру жолымен өнертапқыштықтың техникалық және басқа шешімдерінің құқығын қорғау жүйесін бекітетін құқықтық нормалардың жиынтығы. Алайда ол дербес сала болып саналмайды. Патенттік құқықтың негізгі көзі – өнертапқыштық-зияткерлік меншіктің басқа нысандарымен байланысты құқықтық қағынастарды реттейтін арнайы заң болуы. Патент заңымен өнеркәсіптік меншік объектілерін жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүліктік, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі. Интеллектуалдық меншіктің өзге объектілерін (селекциялық жетістіктер, интегралдық микротәсім топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердің атаулары және басқалар) қорғау бұл заңға кірмейді, ол басқа заң актілерімен реттеледі.

(Ғаламтор материалдарынан)

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Патент дегеніміз не?

2. Салық төлеушілердің жекелеген топтары үшін жеңілдетілген салық режимін тағайындайтын құжат қалай аталады?

3. Патенттік құқық деп нені айтамыз?

4. Патенттік құқық дербес сала болып санала ала ма?

5. Патенттік құқықтың негізгі көзі не?

6. Патент заңы арқылы қандай қатынастарды реттеуге болады?

7. Интеллектуалдық меншік объектілеріне нелер жатады?

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ

Сабақтас құрмалас сөйлем де салалас сөйлем сияқты әр түрлі мағына беретіндіктен, мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем, себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем, шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем т.б. болып жіктеледі.

3-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сабақтас сөйлемдер құраңыз және бұл сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Патент, өнертапқыштық, мерзім, фирма, ерекше құқық, құжат, салық төлеушілер, белгіленген шарттар, патенттік құқық, шешім, құқықтық нормалар, дербес, зияткерлік меншік, нысандар, арнайы зандар, патент заңы, өнеркәсіптік меншік, интеллектуалдық меншік, тауар таңбалары, заң актілері, мүліктік қатынастар.

4-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, түсінгеніңізді айтыңыз.

Лицензия – латынның «licentia» рұқсат, құқық деген сөзінен алынған термин. Лицензия рұқсатнама дегенді білдіреді. Лицензияны мемлекет қандай да бір заттарды экспорттау‚ импорттау және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен, экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру үшін береді. Демек, лицензия мемлекеттің мемлекеттік органдарға әлдебір саладағы қызметпен айналысу құқығын беретін рұқсат. Атап айтсақ, ол мемлекеттік органдардың сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруы үшін берілетін рұқсаты. Жеке тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша белгілі бір мерзімде қолданылатын экспорттық-импорттық операцияларға бақылау орнату нысанының бірі.

Лицензия жеке адамдар немесе ұйымдарға патентпен, техникалық біліммен, тәжірибе, өндірістік құпия, сауда маркасымен қорғалған өнертапқыштықты пайдалануға рұқсат беретін құжат. Лицензияның өз нысаны және жүйесі болады. Лицензия нысаны – лицензиялық келісім бойынша берілетін техниканың немесе технологияның нысаны. Лицензиялық жүйе тауарлардың әкелімі мен әкетілімін ұйымдастыру нысандарының бірі. Мұнда импортшы немесе экспортшы өзінің тауарларының әкелімі немесе әкетілімі құқығын сатып алу үшін жазбаша рұқсат (лицензия) алуға тиіс, бұл орайда, лицензиялық алым алынатын болса, осы алымды төлейді. Лицензиялық келісім лицензияларды, «ноу-хауды», тауар белгілерін, т.б. пайдалану құқығын беру туралы келісім; Бұл келісімде патенттік лицензия беру; бірнеше патентті және олармен байланысты «ноу-хауды» кешенді түрде беру көзделуі мүмкін.

Лицензиялық паспорт – нысанды лицензиялық келісімшарт бойынша шетелдік сатып алушыға сатудың заңдылығын негіздейтін құжат. Онда лицензия пәніне қатысты техникалық құжаттардың көлемі; ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қажет шығындар; лицензия нысанына кіретін өнер табыстар мен өнеркәсіп нысандарын патенттеу туралы мәліметтер және т.б. болады. Лицензиялық төлемақы заңды немесе жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға (авторына) осы меншікті коммерциялық мақсатта пайдалану құқығы үшін ақы төлеуі.

(Ғаламтор материалдарынан)

5-тапсырма. Лицензия, авторлық құқық, патенттеу туралы мамандығыңызға байланысты бес сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

 

СӨЖ №8

1-тапсырма. «ЭКСПО-17» таныстырылым дайындаңыздар.

2-тапсырма. Сабақтас құрмалас түрлеріне мітінмен байланыстырып 6 сөйлем құраңыздар.

IX МОДУЛЬ

1 –сабақ

Лексикалық тақырып: Кәсіби сала қызметінің құқықтары мен міндеттері

Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлемдер

1-тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Азаматтық құқық, ақпараттық қызмет, метерологиялық қамтамасыз ету, техникалық бақылау, ғылыми-техникалық қызмет, өнім өндіру, техникалық есеп айырысу, нормативтік құжат, ұйым бөлімшесі, сәулеттік-құрылыс бөлігі, еңбек тәртіптемесі, ұжымдық шарт, тәртіптік жаза, еңбегі үшін көтермелеу.

2 -тапсырма. Төмендегі сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Жобалау, құрылыс, ақпараттық қызмет көрсету, құрылыс, ақпараттық қызмет көрсету, ұйымдастыру, метерологиялық қамтамасыз ету, қала құрылысы, сәулет ғылымы , тәжірибе, отандық, шетелдік, жетістік

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Республика азаматтарының негізгі құқықтары мен міндеттері 1995 жылдың 30-тамызында қабылданып, Конституцияда анық тұжырымдалған. Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезіміне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған.

Инженер есептеу техникасының, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалана отырып, жобалау, құрылыс, ақпараттық қызмет көрсету, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, метерологиялық қамтамасыз ету, техникалық бақылау жөніндегі ғылыми-техникалық қызмет саласындағы жұмыстарды орындайды.

Маркетинг өнім (тауар) өндіру және неғұрлым үлкен сұранысты және өткізу нарығын табатын қызметтерді жеткізу жөніндегі шараларды қарастырып, оларды әзірлеуді жүзеге асырады.

Техник маманның басшылығымен қажетті техникалық есеп айырысуларды жүргізе отырып, күрделі емес жобалар мен қарапайым схемалардың әзірлеу жұмысын орындайды, олардың нормативтік құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Суретші (дизайнер) ұйым бөлімшесінің тапсырмасы жөніндегі көркемдік безендіру жұмыстарын сапалы орындап, жұмысты уақытылы тапсырады.

Сәулетші қала құрылысы, сәулет ғылымы мен тәжірибесіндегі отандық және шетелдік жаңа жетістіктер негізінде және автоматтандыру құралдарын, қала құрылысы шешімдердің және жобалардың сәулеттік-құрылыс бөлігін жобалауды әзірлейді.

(Ғаламтор матариалдарынан)

5-тапсырма. Мәтін бойынша 4-5 сұрақ дайындаңыз.

2 –сабақ

Лексикалық тақырып: Еңбек тәртібі

Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлемдер Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер

1-тапсырма. Төмендегі сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Еңбек тәртібі, жұмыс беруші тараптардың өзара міндеттілігі, құқықтық категория жұмыс уақыты, белгіленген тәртіп, жарғы, ережеле, реттеледі,еңбек шарты, ұжымдық шарт

 

2-тапсырма. Төмендегі сөз, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз

Көтермелеудің түрлері, қолдану тәртібі, Қазақстан Республикасының заңнамасы,тәртіптік жаза,теріс қылық, ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс

 

3 -тапсырма Мәтінді оқып, түсінгеніңізді мазмұндаңыз.

Еңбек тәртібі –қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория.

Еңбек тәртіптемесінің ережелері:

1. Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып бекітеді.

2. Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді.

3. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек тәртіптемесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілетін жарғыларда және ережелерде реттеледі.

4. Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.

Еңбегі үшін көтермелеу:

1. Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеудің кез келген түрін қолдануға құқылы.

2. Қызметкерлерді көтермелеудің түрлері мен оларды қолданудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек шартында көрсетіліп, ұжымдық шартта айқындалады.

Тәртіптік жазалар:

1. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін: 1) ескерту; 2) сөгіс; 3) қатаң сөгіс; 4) осы Кодексте белгіленген жағдайларларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.

2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген тәртіптік жазалар бар.

(Ғаламтор матариалдарынан)

 

4 - тапсырма. Мәтінді негізге ала отырып, сұхбат құрастырыңыз.

3- сабақ

Лексикалық тақырып: Мемлекеттік қызмет түсінігі және мемлекеттік қызметшінің түрлері

Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

1-тапсырма. Төмендегі сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын жұмыс мемлекеттік лауазымдар белгіленеді, кәсіби , ақылы түрде, қызметкер, міндет

2-тапсырма. Төмендегі сөз, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз

Тар және кең мағынада, мемлекеттік лауазым, негізгі белгі, заңдылық, жоғарғы біліктілік, ұйымдастырушылық - шаруашылық қызмет,лауазымдық өкілеттілік , адал, ынталы

3-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұндаңыз.

Мемлекеттік қызмет түсінігі және мемлекеттік қызметшінің түрлері

Мемлекеттік қызмет– мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі.

ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық және жергілікті;

ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет" - бұл мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада қарастырылады.
Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын жұмыс, ал тар мағынасында - бұл мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет - бұл құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді. Мемлекеттік лауазым - бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.
Мемлекеттік лауазымды жүзеге асыру үшін лауазымдық өкілеттіліктер беріледі. Лауазымдық өкілеттілік - бұл заңда белгіленген құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында қойған мақсат-міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен қарастырылған өкілеттілік. Осы лауазымды өкілеттілік лауазымды тұлғаларға жүктеледі. Лауазымды тұлға - үнемі, уақытша немесе арнайы өкілеттілік бойынша мемлекет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын немесе мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық - шаруашылық қызметтерді атқаратын адам.

(Ғаламтор матариалдарынан)

ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ

Шартты бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдерінің біріншісі екіншісіндегі істің орындалу не орындалмау шартын білдіретін құрмаластың түрі шартты бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі:

р/с Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы Баяндауышының тұлғалық белгісі Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар
Шартты рай -са, -се Қайтсе? Не етсе?
Көсемше ма+й, ме+й; майынша/мейінше Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше?
Есімше -ған+да, -ген+де Қайткенде? Не еткенде?

4- тапсырма. Сөйлемдерді сәйкестендіріңіз.

Қаражат бөлінбесе,... Үйдің кілтің алмаса,... Қар жаумаса,.. Құтқарушы тез келмегенде,... Елін қорғайтын азамат болса,.. жазда шөп сұйық болады. соңы жаман болушы еді. үйге кіре алмас еді. сол ел бақытты жағдай нашарлар еді.  

5-тапсырма. Салалас құрмалас сөйлемдерді шартты сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.

1. Демалу уақыты аяқталды,жұмысшылар жұмысқа кірісті. 2. Сөз мағынасын түсінді,мазмұнын жүйелеп айтты. 3. Көмектесетін адам көп болатын, жұмысты ерте аяқтайтын. 4. Алдына қарамады, шұңқырға түсті.

№ 9 СОЖ тапсырмасы:

1-тапсырма. Өз мамандығыңыз саласындағы кәсіби сала қызметінің құқықтары мен міндеттері туралы хабарлама дайындаңыз.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді баяндаңыз.

Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. Мемлекеттiк қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алынбаған тәртіптiк жазасы болған жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейдi. Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

(Ғаламтор матариалдарынан)

X МОДУЛЬ: Кәсіби мереке

1- сабақ

Лексикалық тақырып: Сала қызметкерлеріне арналған награда, сыйлық, грант

Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер

Ой түрткі:

1. Сіз Альфред Нобель туралы не білесіз?

2. Нобель сыйлығы кімдерге беріледі?

 

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

әйгілі - зор үлес қосқан -
жаңалық - халықаралық сыйлықтар -
мәдениет - бүкіл әлемдік -
ынта - өсиетнама -
өкіл - ғылыми зерттеулер -
Жыл сайын - қоғам дамуына -

2-тапсырма. Нобель сыйлығы жайлы ақпаратты оқып, ол жайында сұхбат құрастырыңыз

Нобель cыйлығы(шведше: Nobelpriset, ағылшынша:Nobel Prize) – жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.

Бұл сыйлық 1895жылы Альфред Нобельдіңөсиетнамасына сәйкес құрылған және ол әдебиет, физика, химия, физиологияжәне медицина саласының өкілдеріне және бүкіл әлемде бейбітшілік жасауға іс-әрекет етушілерге беріледі.

1900жылы Нобель қоры жасалды. Бастапқы капиталы 31 миллион швед кронынан тұрған бұл дербес, тәуелсіз, мемлекеттік емес ұйым. Қазіргі уақытта Нобель сыйлығы шамамен 10 млн (шамамен 1,05 млн евро немесе 1,5 млн $) швед кронын құрайды.

1969 жылдан бастап Швед банкінің ынтасымен экономика бойынша да сыйлық сыйланатын болды. Одан кейін Нобель қоры номинация санын арттырмауды шешті. 1901 жылдан бастап физика, химия, медицина және физиология, әдебиет, әлемді қорғау салалары, ал 1969жылдан бастап экономика саласында жыл сайын адам іс-әрекетінің келесі салалар бойынша жеткен жетістіктері үшін Нобель сыйлығы беріледі. Негізінен алғашында Нобель математиканы сыйлық берілетін ғылым салаларының тізіміне қосты да, кейінірек оны әлем сыйлығымен алмастырып, сызып тастады. Анық себебі белгісіз. Көбінесе оны сол уақыттағы швед математикасының озаты Миттаг-Леффлератымен байланыстырады. Болжамдарға сенсек, оны Нобель Стокгольм Университеті үшін қайырымдылықты мазасыз сұрағандықтан жақтырмай қалған екен. Екінші болжам бойынша Нобель Софья Ковалевскаяны жақсы көрген, ал ол Миттаг-Леффлерді таңдаған.

Ғылымның көптеген салалары Нобель сыйлығымен «қамтылмай» қалды. Нобель сыйлығының беделділігі мен танымалдығына сәйкес, басқа салалардағы ең беделді марапаттауды бейресми түрде «Нобельдік» деп атайды.

Мәселен, Швеция Банкінің экономикалық ғылымдағы сыйлықтарын. Нобель сыйлығының лауреаты жыл сайын 12 қазанда жарияланады. Барлық сыйлықты беру салтанаты Стокгольмде жыл сайын 10 желтоқсанда өтеді.

(Ғаламтор материалдарынан)

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Нобель сыйлығы қалай құрылды?
  2. Нобель сыйлығы кімдерге беріледі?
  3. Нобель қоры қашан құрылды?
  4. Нобель қорының бастапқы капиталы қанша болды?
  5. Қазіргі кезде Нобель қоры қанша қаражаттан тұрады?
  6. Нобель сыйлығы қай кезде беріледі?

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз.

· Шебердің инесі де алтын, Соққан күймесі де алтын. · Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ.
· Қойшыны таяғы асырайды, Қасқырды аяғыа сырайды. · Еңбек қылмай ер оңбас, Бірлік қылмай ел оңбас.
· Атан түйе жүк астында қартаяр. · Шеберді саусағы асырайды.
· Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді. · Түйірнан – тамшы тер.
· Бақыт кілті еңбекте. · Еңбексіз өмір – сөнген көмір.
· Қолы қимылдаған адамға Кедейлік жоқ. Аяғы қимылдаған адамға Алыстық жоқ. · Әлің барда еңбек ет, Еңкейгенде емерсің.

2- сабақ

Лексикалық тақырып: Ұлттық және мемлекеттік мереке

Грамматикалық тақырып: Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Ой түрткі:

1. Қазақстанда Нобель сыйлығын алған азаматтар бар ма?

2. Қалай ойлайсыз, Қазақстанда Нобель сыйлығына лайық адамдар бар ма?

3. Қандай ұлттық және мемлекеттік мерекелерді білесіз?

 

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

белсенді - дереккөз - қолға алды-
бейресми - деңгей - қолдау -
ресми өкіл - ахуал - бөліп алу -
бейбітшілік - жетекші - құтқару -
алғаш рет - құрлық - көмектесу -
алтыншы мәрте - үлесі - жетілдіру -
жарты ғысырдан астам - қатер - ұсыну -

2-тапсырма. Мәтіннен алынған негізгі, жаңа ақпаратқа, хабарға баға беріңіз.

Кейбір бейресми дерек көздері Қазақстан үкіметінің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсынуды 2000 жылдардың басынан қолға алғанын айтады. 2003 жылы бұл мәселе бойынша Қазақстанның ресми өкілдері халықаралық деңгейде қолдау іздей бастайды. Ал 2006 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясы, пәкістандық теолог және америкалық конгресмен ресми түрде президент Н.Ә. Назарбаевты әлемде бейбітшілікті сақтауға және халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығына ұсынды. Бірақ та бұл жылы сыйлықты Бангладештегі ең кедей топтарға тиімді несие беру ісін жетілдіріп, «кедейлер банкін» құрған, жүздеген мың адамды ашаршылық пен қайыршылықтан құтқарып қалған Мухаммад Юнус алды.

2008 жылы АҚШ Конгресінің екі мүшесі Қазақстан президентін «ядролық қаруды таратпау ісіне қосқан үлесі» үшін сыйлыққа тағы ұсынады. Алайда бұл жолы да ұсыныс қолдау таппады. Бұл жолы фин дипломаты Мартти Ахтисаари БҰҰ-ның қызметкері ретінде бірнеше құрлықта басын қатерге тіге жүріп қарулы қақтығыстардың алдын алып, өте сәтті бітімге шақыру жұмыстарын жасағаны үшін Бейбітшілік сыйлығына лайық деп танылды.

2009 жылы шешенстандық балалар үйі Қазақстан Президентінің сталиндік қуғын-сүргіннен жапа шеккендерге жасаған қамқорлығы үшін оны сыйлыққа қайыра ұсынады. Бұл жолы Сыйлық АҚШ президенті Барак Обамаға бұйырды.

2010 жылы Дүниежүзілік түркі елдері Ассамблеясының жетекшісі мен түрік журналисті президент Назарбаевты Семей полигонын жапқаны үшін тағы бір мәрте ұсынады. Бірақ бұл жолы Бейбітшілік сыйлығы әлемдегі ең репрессивтік режимдердің бірінде ұзақ жылдар бойы тынбай адам құқықтары үшін күресіп келе жатқан қытайлық қоғам қайраткері Лю Сяобоға тапсырылады.

2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаевты Нобельге ұсынушылар саны күрт артты. Норвегиялық үкіметтік емес ұйым, «Ақ Орда» қозғалысы, шешен-ингуш мәдени орталығы, Қырғызстан Парламенті ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «ядролық қарусыздану мен бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесін» атай отырып, оны Бейбітшілік сыйлығына лайық тұлға ретінде танитындарын жеткізеді. Бірақ бұл жолы Африка мен Араб елдерінде болып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерге тікелей ықпал еткен Либерияның демократиялық жолмен сайланған Президенті Эллен Джонсон-Серлиф, осы елдің қоғамдық белсендісі Лейма Гбови мен йемендік оппозиция жетекшісі Тавакул (Тәуекел) Карман Бейбітшілік сыйлығын бөліп алды.

2012 жылдың тамыз айында Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарудан азат әлемге» атты халықаралық конференцияда БҰҰ-ның канадалық өкілі Дуглас Рош пен АҚШ Конгресінің мүшесі Ени Фалеомаваега Қазақстан Президентін Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына алтыншы мәрте ұсынды. Бұл бастаманы Жапония Парламентінің депутаты Хироюки Морияма да қолдады. Әйткенмен 2012 жылғы Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы жарты ғасырдан астам уақыт кәрі құрлықтағы интеграция мен демкоратиялық ахуалды жақсартуға қосқан үлесі үшін Еуропа Одағына табыс етілді.

(«Азаттық» радиосынан алынған ақпарат)

Есте сақтаңыз!

Ұлттық мерекелер

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан -Тәуелсіздік күні.

Мемлекеттік мерекелер

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер - мына күндері атап өтілетін мерекелер:
1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
9 мамыр - Жеңіс күні;
6 шілде - Астана күні;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

3- тапсырма. Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыз

1990 жылы 24 сәуірде Н.Ә.Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайланды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкестігін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы қызметіне кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет ба

Последнее изменение этой страницы: 2016-06-10

lectmania.ru. Все права принадлежат авторам данных материалов. В случае нарушения авторского права напишите нам сюда...