Главная Случайная страница


Категории:

ДомЗдоровьеЗоологияИнформатикаИскусствоИскусствоКомпьютерыКулинарияМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОбразованиеПедагогикаПитомцыПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРазноеРелигияСоциологияСпортСтатистикаТранспортФизикаФилософияФинансыХимияХоббиЭкологияЭкономикаЭлектроника






Хирургическая стоматология рус. rtf

$$$001

Жергілікті анестетиктердің жансыздандыру механизмі болып табылады:

A) Бас ми қабыршағына әсер етуі

B) Жұлын миына әсер етуі

C) Таламусқа әсер етуі

D) Сезімтал шеткі және өткізгіш нервтердің блокадасы

E) Кілегей қабық пен терінің беткей қабатының коагуляциясы

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=1

$$$002

Клиникалық қолданыста тұз түрінде қолданатын, жергілікті жансыздандыратын заттарды сипаттайтын факторы болып табылады:

A) Белсенділігі басымырақ және улылығы төмен

B) Тұрақтылығы басымырақ және суда жақсы ериді

C) Тұрақтылығы басымырақ және майда жақсы ериді
D) Тұрақтылығы төмен және суда жақсы ериді
E) Тұрақтылығы төмен және майда жақсы ериді

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=1

$$$003

Науқас А., 36 жаста. Шағымы: оң төменгі жақ аймағында ауырсыну мен ісінуге, әлсіздікке, енжарлыққа шағымданады. Объективті: оң төменгі жақ аймағы жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 46 тіс сауыты ½ бөлігі бұзылған, перкуссия ауырсынулы. 46 тіс деңгейінде өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) 46 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі

B) Созылмалы одонтогенді лимфаденит

C) Жедел одонтогенді остеомиелит

D) Жедел іріңді одонтогенді лимфаденит

E) 46 тістің жедел іріңді периоститі

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=2

$$$004

Науқас С., 29 жаста, жоғарғы жақтың сол жақ жартысы аймағының ауырсынуына және ісінуіне, дене температурасы 37,50С дейін көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына үшінші күн. Объективті: жоғарғы жақтың сол жақ жартысы аймағының жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы, пальпация ауырсынулы. Ауыз ашылуы ауырсынулы, 26 тіс сауыты 2/3 бөлігіне бұзылған. 26 тіс деңгейінде өтпелі қатпар тегістелген, гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Алғашқы диагнозыңыз:

A) 26 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі

B) Жедел іріңді периодонтит

C) Жедел іріңді остеомиелит

D) Жедел іріңді гайморит

E) 26 тістің жедел іріңді периоститі

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=2

$$$005

Науқас Е., 25 жаста. Шағымы: оң жақасты аймағының ісінуі мен ауырсынуына, әлсіздікке, енжарлыққа шағымданады. Объективті: оң жақасты аймағының жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Оң жақасты аймағында көлемі 6,0х4,0 см болатын инфильтрат бар, оның терісі гиперемияланған, ісінген, тартылған. Пальпация ауырсынулы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 47 тіс сауыты толық бұзылған. Тіс айнала қызылиек кілегейі гиперемияланған, ісінген. Оң жақ тіласты валигі гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) 47 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі

B) 47 тістің жедел іріңді периоститі

C) 47 тістен болған жақасты аймағы одонтогенді флегмонасы

D) Жедел іріңді одонтогенді лимфаденит

E) Жедел серозды одонтогенді лимфаденит

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}=2

$$$006

Науқас, 32 жаста, тағам қабылдау кезінде жақасты сілекей безі ұлғаюы анықталады. Сіздің диагноз:

A) Радикулярлы киста

B) Жедел эпидемиялық паротит

C) Жедел серозды лимфаденит

D) Калькулезды сиалоденит

E) Паренхиматозды сиалоденит

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=2

$$$007

Науқас А, 47 жаста, эпидемиялық паротит анықталды. Берілген ауруда сілекей безі секрециясы мен секретіне сипаттама беріңіз:

A) Мөлдір, сұйық

B) Бұлыңғыр, гипосаливация

C) Қою, гиперсаливация

D) Бөлінбейді

E) Мөлдір, гипосаливация

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=2

$$$008

Науқас А., 29 жаста, сол жақ мұрынерін қатпары аймағындағы ісіну мен ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: «безеу» пайда болғаннан 2 күн бойына ауырған. Жағдайы жәймен ауырлай бастаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температура - 38,0, пульс – 90 соққы/мин, ТАЖ – 22 рет/мин. Сол жақ мұрын ерін қатпары аймағы жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Осы аймақта көлемі 4,0х4,0 см болатын инфильтрат, инфильтрат ортасында қабыршақпен жабылған 3 іріңді өзек анықталады. Тері гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) Мұрын ерін қатпары аймағының абсцессі

B) Мұрын ерін қатпары аймағының карбункулы

C) Мұрын ерін қатпары аймағының флегмонасы

D) Бұрыштық венаның флебиті

E) Мұрын ерін қатпары аймағының абсцедирлеуші фурункулы

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=2

$$$009

Науқас 44 жаста, тағам қабылдаған кездегі ауырсынуға шағымданады. Объективті: беті симметриялы, 11, 21 тіс сауыттары бұзылған, қызылиегінде – іріңді бөліністі жыланкөз бар. Рентгенограммада – 11, 21 тістер ұшы аймағында «отжалын» тәрізді жарықтану ошағы байқалады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) 11, 21 тістердің созылмалы фиброзды пульпиті

B) 11, 21 тістердің созылмалы гангренозды пульпиті

C) 11, 21 тістердің созылмалы фиброзды периодонтиті

D) 11, 21 тістердің созылмалы грануляциялық периодонтиті

E) 11, 21 тістердің созылмалы гранулематозды периодонтиті

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=2

$$$010

Науқас С., 25 жаста, ұрт аймағының ісінуі мен ауырсынуына шағымданып келді. Тісі бұрын емделген. 3 күн бойына ауырған. 6 ай бойына ауырсыну мезгіл – мезгіл мазалаған. Объективті: оң жақ ұрт аймағы жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Ауыз ашылуы ауырсынусыз. 47 тіс сауыты пломба астында, перкуссия ауырсынулы. Тіс айнала кілегей гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Сіздің диагноз:

A) 47 тістің жедел жалпы пульпиті

B) 47 тістің созылмалы пульпиті өршуі

C) 47 тістің жедел іріңді периодонтиті

D) 47 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі

E) 47 тістің жедел іріңді периоститі

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=2

$$$011

Науқас Е., 18 жаста, оң жақ ұрт аймағының ісінуі мен ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен: 2 күн бойына ауырады, «безеу» пайда болғаннан, оны сығуға тырысқан. Жағдайы жәймен нашарлаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температура - 37,5, пульс – 90 соққы/мин, ТАЖ – 20 рет/мин. Сол жақ ұрт аймағы жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Бұл аймақта көлемі 2,0х2,0 см болатын, ортасында қабыршақпен жабылған іріңді өзегі бар инфильтрат анықталады. Терісі гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A) Ұрттық аймақтың абсцессі

B) Ұрттық аймақтың абсцедирлеуші фурункулы

C) Ұрттық аймақтың флегмонасы

D) Бұрыштық венаның флебиті

E) Ұрттық аймақтың карбункулы

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=2

$$$012

Науқас А., 28 жаста. Анамнезінен: 25 тісі 2 тәулік бойына ауырған. Объективті: сол жоғарғы жақ аймағының жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Пальпация ауырсынулы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 25 тіс сауыты 2/3 бөлігіне бұзылған, перкуссия ауырсынулы. Тіс айнала кілегейі гиперемияланған, ісінген, пальпация ауырсынулы. 25 тісті жұлу үшін құрал таңдаңыз:

A) Тік қысқыштар

B) Тіке элеватор

C) Құстұмсықты жымдасқан қысқыштар

D) Құстұмсықты жымдаспаған қысқыштар

E) S-тәрізді иілген қысқыштар

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=3

$$$013

Науқас Д., 35 жаста. Диагноз: 46 тістің созылмалы периодонтиті. 46 тісті жұлу кезіндегі дәрігердің қалпын таңдаңыз:

A) Алдынан, оң жақтан

B) Алдынан, сол жақтан

C) Артынан, оң жақтан

D) А ртынан, сол жақтан

E) сол жақтан

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}=3

$$$014

Науқас Е., 46 жаста, оң төменгі жақ аймағы ауырсынуына шағымданып келді. Анамнезінен: тәулік бойы ауырған. Қарағанда: 47 тіс сауыты толықтай бұзылған, тіс айнала кілегей қабат гиперемияланған, ісінген. 47 тісті жұлу үшін құрал таңдаңыз:

A) Тік қысқыштар

B) Тік элеватор

C) Құстұмсықты жымдасқан қысқыштар

D) Құстұмсықты жымдаспаған қысқыштар

E) S-тәрізді иілген қысқыштар

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}=3

$$$015

Науқас Ж., 39 жаста, тағам қабылдағанда ауырсыну, тіс қозғалғыштығына шағымданады. Жарақатты 2 са,ат бұрын алған. Қарап болғаннан кейін және рентгенограммада диагноз қойылды: 12 тістің толық емес шығуы. Емдеу әдісін таңдаңыз.

A) Бекіту

B) Пломбалау

C) Реплантация

D) Қадағалау

E) Жұлу

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=3

$$$016

Науқас С., 24 жаста. Диагноз: 26 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі. Жүктілік 27 апталық. Жансыздандыру жүргізу үшін анестетик таңдаңыз:

A) Убестезин

B) Ультракаин

C) Новокаин 0.5%

D) Лидокаин 1%

E) Мепивикаин 3%

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=3

$$$017

Науқас, 27 жаста, дәрігерге 47 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі диагнозымен келді. Тісті жұлу кезінде жансыздандыру түрін таңдаңыз:

A) Аппликационды

B) Инфильтрационды

C) Өткізгіштік

D) Сүйекішілік

E) Жалпы жансыздандыру

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}=3

$$$018

Науқас В., 22 жаста. Диагноз: 26 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі. 26 тісті жұлу үшін жансыздандыру әдісін таңдаңыз:

A) Инфраорбитальды

B) Туберальды

C) Күректістік

D) Мандибулярлы

E) Ментальды

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=3

$$$019

Науқас К., 49 жаста. Диагноз: 23 тістің альвеолярлы өсіндінің сынуымен еніп шығуы. Емдеу әдісін таңдаңыз:

A) Репозиция

B) Трепанация және пломбылайды

C) Реплантация

D) Қадағалау

E) Жұлып тастау

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=3

$$$0120

Науқас А., 25 жаста. Шағымы: сол жоғарғы жақ аймағы ауырсынуына шағымданады. Объективті: сол жоғарғы жақ жұмсақ тіндері ісінуіне байланысты беті асимметриялы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 26 тіс сауыты ½ бөлігі бұзылған, өтпелі қатпар тегістелген, гиперемияланған, ісінген. Пальпация ауырсынулы. Хирургиялық емдеу әдісін таңдаңыз:

A) 26 тісті жұлу, остеоперфорация

B) Остеоперфорация, 26 тісті емдеу

C) Периостотомия, түбір резекциясы

D) 26 тісті жұлу, периостотомия

E) 26 тісті емдеу, периостотомия

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=3

 

 

 

 

Последнее изменение этой страницы: 2016-06-10

lectmania.ru. Все права принадлежат авторам данных материалов. В случае нарушения авторского права напишите нам сюда...