Категории: ДомЗдоровьеЗоологияИнформатикаИскусствоИскусствоКомпьютерыКулинарияМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОбразованиеПедагогикаПитомцыПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРазноеРелигияСоциологияСпортСтатистикаТранспортФизикаФилософияФинансыХимияХоббиЭкологияЭкономикаЭлектроника |
Терапевтическая стоматология рус. rtf$$$001 1. «Crown down» әдісімен каналды өңдеу түсінігіне кіреді: A) Түбірлік каналды өзегінен апекске қарай кеңейту B) Түбірлік каналды апекстен өзекке қарай кеңейту C) Предентинді сағат бағыты бойынша жою D) Предентинді сағат бағытына қарсы бағытта жою E) Түбір каналын апекстен жоғары қарай кеңейту {Дұрыс жауап}= А {Күрделілігі}= 1 $$$002 Кариесостатикалық құрамды цементке жатады: A) Цинк-фосфатты B) Цинк-оксид-эвгенольды C) Поликарбоксилатты D) Шыныиономерлі E) Силикатты {Дұрыс жауап}= D {Күрделілігі}= 1 $$$003 Науқас А., 46 жаста, ауыз қуысы аймағының және дене терісінің кей бөліктерінің жедел ауырсынуына, жалпы әлсіздік, тәбеті жоғалуына шағымданады. Қарағанда: оң жақ ұртының кілегей қабатында периферия бойымен көпіршікті, қызыл түсті ауырсынулы эрозия бар. Сондай эрозиялар шынтақтық бүкпелер мен бел аймақтарында бар. Сіздің болжам диагнозыңыз: A) Созылмалы рецивидирлеуші стоматит B) Көпформалы экссудативті эритема C) Вульгарлы көпіршік D) Қызыл жалпақ теміреткі E) Жүйелі қызыл жегі {Дұрыс жауап}= C {Күрделілігі}= 2 $$$004 Жігіт Д., 45 жаста. Еріннің күйдіру және ауырсыну, әсіресе оларды жымдастырғанда ауырсынуы күшеюі, тағам қабылдау және сөйлеу қиындауына шағымданады. Қарағанда: еріннің қызыл жегінде қоңыр – сарғыш түсті қабыршақтар, тек еріннің қызыл жегінің Клейн сызығынан оның ортасына дейін зақымданған. Кей жерлерде қабығы еріннен алжапқыш түрінде салбыраңқы. Алғашқы диагнозыңыз: A) Акантолитикалық көпіршік B) Эксфолиативті хейлит C) Қызыл жегі D) Гландулярлы хейлит E) Қызыл жалпақ теміреткі {Дұрыс жауап}= B {Күрделілігі}= 2 $$$005 Жігіт С., 25 жаста, тістен жағымсыз иіске шағымданып дәрігерге келді. Анамнезінен: тісі бұрын қатты ауырған, ыстық тағам қабылдағаннан кейін ұзақ уақыт ауырады. Қарағанда: 26 тіс сауыты түсі өзгерген, терең жегіленген қуыс тіс қуысымен байланысқан. Зондтағанда тіс қуысы түбі ауырсынулы. ЭОД-80мкм. Сіздің алғашқы диагнозыңыз: A) Созылмалы гангренозды пульпит B) Созылмалы фиброзды периодонтит C) Созылмалы фиброзды пульпит D) Созылмалы гранулирлеуші периодонтит E) Созылмалы гранулематозды периодонтит {Дұрыс жауап}= А {Күрделілігі}= 2 $$$006 Ерадам В., 30 жаста, ұрттың кілегей қабатының сөйлеу және тағам қабылдау кезінде күшейетін жедел ауырсынуына шағымданады. Объективті: тістер жымдасу сызығы бойымен кілегей қабық гиперемияланған, қабынуы бар жиектері айқын, үстінен сарғыш – ақшыл фибринозды қақпен жабылған афта анықталады. Сіздің алғашқы диагноз: A) Созылмалы механикалық жарақат B) Рецидивирлеуші ұшықтық стоматит C) Созылмалы рецидирлеуші афтозды стоматит D) Салбыраңқы теміреткі E) Веррукозды лейкоплакия {Дұрыс жауап}= C {Күрделілігі}= 2 $$$007 Ерадам Е., 47 жаста, дәрігерге профилактикалық қаралуға келді. Анамнезінен: науқас өте ыстық және өткір тағам қабылдағанды ұнатады. Қарағанда: тістер жымдасуы сызығы бойымен ұрттың кілегей қабығында және төменгі ерін қызыл жегінде әртүрлі пішінде және үлкендікте гиперкератоз ощақтары анықталады, олар қасындағы қоршаған орта кілегей қабат деңгейінен аспайтын, бірақ айқын шекарасы бар, интенсивті қырғанда да алынбайтын ақ қақпен жабылған. Алғашқы диагнозыңыз: A) Лейкоплакияның жалпақ формасы B) Қызыл жегінің типті формасы C) Лейкоплакияның веррукозды формасы D) Папулезды сифилис E) Гиперпластикалық кандидоз {Дұрыс жауап}= А {Күрделілігі}= 2 $$$008 Ерадам Д., 37 жаста, енжарлыққа, әлсіздікке, дене температурасы көтерілуіне, қызылиекте ауырсынуға, оның қансырауына, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығуына шағымданып келді. Объективті: қызылиектері ісінген, қызарған кей жерлері лас – сұрғылт түсті қақтармен жабылған. Тістерде жұмсақ қақ, тіс тастары бар. Сілекей тұтқыр, қою. Қан анализінде – лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. R – граммада сүйек тіні өзгерісі жоқ. Сіздің алғашқы диагнозыңыз: A) Жедел катаральды гингивит B) Созылмалы катаральды гингивит C) Созылмалы катаральды гингивитттің өршуі D) Жаралы гингивит E) Жеңіл сатыдағы созылмалы генерализацияланған пародонтиттің өршуі {Дұрыс жауап}= D {Күрделілігі}= 2 $$$009 Ерадам Е., 32 жаста. Объективті: тілі жұмсақ, сәл ұлғайған, тілдің арқасы мен бүйір беткейлерінде терең қыртысты сайлар бар. Қатпардың түбі мен бүйір беткейлері жіптәрізді емізікшемен жабылған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз: A) Ромбтәрізді глоссит B) Десквамативті глоссит C) Қатпарлы тіл D) Глоссодиния E) Қара «шашты» тіл {Дұрыс жауап}= C {Күрделілігі}= 2 $$$010 Науқас Д., 42 жаста, 46 тісте жегілік қуыс болуына шағымданып келді. Қарағанда: 46 тістің дистальды – шайнау беткейінде тіс қуысымен байланысатын терең жегілік қуыс. Терең зондтау ауырсынусыз. Перкуссия ауырсынусыз, түбір ұшы проекциясы аймағында кілегей түсі өзгермеген, пальпациялағанда ауырсынусыз. Температуралық тітіркендіргіштерге реакция жоқ. Рентгенограммада дистальды түбір ұшы аймағында периодонтальды саңылау біркелкі кеңейген. Сіздің алғашқы диагнозыңыз: A) Созылмалы фиброзды периодонтит B) Созылмалы гранулематозды периодонтит C) Созылмалы гранулирлеуші периодонтит D) Созылмалы гангренозды пульпит E) Созылмалы фиброзды пульпит {Дұрыс жауап}= A {Күрделілігі}= 2 $$$011 Ерадам А., 45 жаста, стоматологиялық бөлімшеге ауыз қуысын санациялау мақсатымен және протездеуге дайындалуға келді. Объективті тексеру кезінде: кілегей қабаты бұлыңғыр қатты таңдайдың артқы бөлігінде ұсақ қызғылт түйіндер көрінеді, түйіндер ортасында шығарушы өзектер ұлғайған нүктелері бар. Сіздің алғашқы диагнозыңыз: A) Қызыл жалпақ теміреткі, типті түрі B) Қызыл жегі, типті түрі C) Лейкоплакия, жалпақ түрі D) Созылмалы гиперпластикалық кандидоз E) Таппейнер лейкоплакиясы {Дұрыс жауап}= E {Күрделілігі}= 2 $$$012 Науқас Д., 28 жаста, 22 тіс пульпитін емдеу кезінде дәрігер – стоматолог жегіленген қуысты егеуді жүргізді, тіс қуысын ашты, күшәлә сықпасын уақытша пломба астына салды. 2 күннен кейін уақытша пломбаны алғасын – сауыттық және түбірлік ұлпаны алып тастау, каналды инструментальды және медикаментозды өңдеу, оны пломбылау, ажыратқыш төсеніш, тұрақты пломба салу. Пульпитті емдеу әдісін анықтаңыз: A) Девитальды экстирпация B) Витальды ампутация C) Консервативті D) Аралас E) Витальды экстирпация {Дұрыс жауап}= А {Күрделілігі}= 3 $$$013 Әйел К., 35 жаста, стоматологиялық поликлиникаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді. Қарағанда: 15 тістің дистальды беткейінде жегілік қуыс анықталды, зондтау ауырсынусыз, салқынға реакциясы теріс. 15 тістің рентгенологиялық суреттемесінде тіс түбірі ұшы аймағында периодонтальды саңылау кеңейгені байқалады. Түбірлік каналды медикаментозды өңдеу үшін дәрілік препаратты таңдаңыз: A) Физиологиялық ерітінді B) Натрий гипохлориді C) Формалин D) Эвгенол E) Ларгаль ультра {Дұрыс жауап}= B {күрделілігі}= 3 $$$014 Ерадам В., 20 жаста, аллергоанамнез теріс, 35 тістің жедел ошақты пульпиті диагнозы қойылды. Жегілік қуыс сауыттың мойын аймағында орналасқан. Емдеу әдісін таңдаңыз: A) Консервативті әдіс B) Девитальды экстирпация C) Витальды ампутация D) Девитальды ампутация E) Витальды экстирпация {Дүрыс жауап}= E {Күрделілігі}= 3 $$$015 Әйел А., 30 жаста, тісінің тағам қабылдағанда және температуралық тітіркендіргіштерден болатын ауырсынуына шағымданады. Объективті: 47 тістің шайнау беткейінде ұлпамаңы дентин деңгейінде жегіленген қуыс бар, зондтағанда жегіленген қуыс түбі бойымен ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. Диагностикалау әдісін таңдаңыз: A) Қарау B) Перкуссия C) Сұрау D) Электроодонтодиагностика E) Пальпация {Дұрыс жауап}= D {Күрделілігі}= 3 $$$016 Ерадам Е., 55 жаста, жоғарғы жақсүйегінің алдыңғы бөлігі тістерінің алшақтауына шағымданып келді. Эстетикалық дефект. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ қызылиек жиектері кілегейі бозғылт – қызғылт түсті, тығыз, атрофияланған. Пародонтальды қалта жоқ. Тістері тұрақты. 11 мен 21 тістер аймағында диастема 5 мм ге дейін. 11, 12, 21, 22 тістердің желдеткіштәрізді алшақтауы анықталады. Терең тістем. Диагностикалау әдісін таңдаңыз: A) Формалинді сынама жүргізу B) Гигиеналық индекстерді анықтау C) Рентгенография D) Шиллер-Писарев сынамасын жүргізу E) Пародонтальды индексті анықтау {Дұрыс жауап}= C {Күрделілігі}= 3 $$$017 Науқас Е., 57 жаста, жоғарғы ерін аймағында ұзақ жазылып болмайтын жараға шағымданып келді. Қарағанда: еріннің қызыл жиегінде негізі шеміршектәрізді инфильтратты жара бар, пальпацияда ауырсынусыз,. Төменгі жақсүйекасты лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз консистенциялы, пальпациялағанда ауырсынусыз. Диагностикалау әдісін анықтаңыз: A) Гемагглютинация реакциясы B) Вассерман реакциясы C) Манту реакциясы D) Лейкоциттер агломерация реакциясы E) Лейкоцитолиз реакциясы {Дұрыс жауап}= B {Күрделілігі}= 3 $$$018 Науқас Д., 27 жаста, бірінші қабылдауда жегіленген қуысты егеу жүргізілді, медикаментозды өңдеу, кептіргеннен кейін – емдік төсеніш пен уақытша пломба салынды. 5 – 7 күннен кейін емдік пен ажыратқыш төсеніш салып, уақытша пломбаны тұрақтыға ауыстырды. Сіздің диагнозыңыз: A) Сына тәрізді ақау B) Орташа тісжегі C) Тез дамитын терең тісжегісі D) Созылмалы фиброзды периодонтит E) Баяу дамитын терең тісжегісі {Дұрыс жауап}= C {Күрделілігі}= 3 $$$019 Қиын өтетін көп түбірлі тістердің созылмалы периодонтиті кезінде периодонттағы патологиялық ошаққа рациональды әсер ету әдісі болып табылады: A) Депофорез B) Импрегнационды әдістер C) Каналішілік электрофорез D) Ультракүлгін сәулелендіру E) Ультрафонофорез {Дұрыс жауап}= A {Күрделілігі}= 3 $$$020 Науқас Ж., 25 жаста, сол жақ жоғарғы жақсүйегінің өздігінен пайда болатын, ұстамалы, температуралық және химиялық тітіркендіргіштен ұлғаятын ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: беті симметриялы, жақасты лимфа түйіндері ұлғаймаған. 25 тістің шайнау беткейінде терең жегіленген қуыс бар, зондтағанда бір нүктеде ауырсынады, салқынға жедел ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. Түбір каналын пломбалау үшін келесі пломбалық материалды пайдаланған жөн: A) Абсцесс ремиди B) Эндометазон C) Метапаста D) Йодоформды сықпа E) Резорцин-формалинді сықпа {Дұрыс жауап}= B {Күрделілігі}= 3 |
|
Последнее изменение этой страницы: 2016-06-10 lectmania.ru. Все права принадлежат авторам данных материалов. В случае нарушения авторского права напишите нам сюда... |